13 Тамыз 2019
Қазіргі таңда баланың ойлау қабілетін дамытатын, есте сақтау жұмысын жақсартатын, түрлі тапсырмалармен көмкерілген балаларға арналған көптеген танымдық, дамытушылық, көңіл көтеретін журналдар көп кездеседі. №3 кітапхана-филиалында «Журналдарды оқимыз және көреміз» атты библиопресс өтті. Журналдардың барлығы пайдалы және қызықты ақпараттар бере отырып, балалар мен жасөспірімдердің ойда жүрген сұрақтарына жауап бере алады. Сонымен қатар, жас балғындарды алғыр, жан-жақты етіп тәрбиелейді, бос уақыттарын пайдалы етіп өткізуге көмектеседі. Олар «Айгөлек», «Балдырған», «Мөлдір бұлақ», «Бала би», «Балбұлақ», «Ерке бала» , «Мурзилка», «Маша и Медведь» «Тачки» Барби» , «Смешарики», «Мир Принцесс» журнал беттерінен әртүрлі жұмбақтарға , жаңылтпаштар, ребустар, зейінді тесттерге жауап беріп, ойындар ойнады.