"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Жаңалықтар

09 Тамыз 2019

«Абай мұрасы – адамзаттың асыл қазынасы» ашық микрофон форматында оқулар


    Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті, ол өсіп келе жатқан жас ұрпаққа терең ойға, махаббатқа, адамның табиғаты туралы, салт-дәстүрге толы  алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.

   С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана өз ғимаратының алдындағы саяжолда «Абай мұрасы – адамзаттың асыл қазынасы» атты ашық микрофон форматында оқулар өткізді. Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай - үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың көркем поэзиясы,  әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген қара сөздері балқаштықтардың әсерлі шумақтарында тағы да жаңғырды. №53898 әскери бөлімінің қызметкерлері: Байбосынова Гүлбахыт, Сейтімхан Ерлібек, Темірхан Азамат, Абдикарим Сырым, Касенов Бауыржан ардақты ақынымыздың қара сөздерінен сыр шертсе, №2 Абай атындағы лицейдің 10-сынып оқушысы Иешова Аяжан, «Тілдер орталығы» КММ қызметкерлері Қулымжанова Гульден, Бәйімбетова Айнұр ақын өлеңдерін жан жүрегімен тебірене жырлады. «Қазақмыс» корпорациясы политехникалық колледжінің студенті Шеш Сағыныш Абай атамызға арналған жалынды жырымен бөлісті. «Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс» деп балқар ақыны, прозаик Кайсын Кулиев айтқандай, бүгінгі іс-шара ақынның бай шығармашылық мұрасы халық санасында алар орны ерекше екенін тағы дәлелдеді.

https://www.youtube.com/watch?v=_tI8OZXv9mA&feature=youtu.be

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика