"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

02 Тамыз 2019

Сиқырлы изонить


    С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханасының «33 идеялар» үйірмесіне қатысатын балалар «Изонить» хэнд-мейд қызықты техникасымен танысты. «Жіппен сурет салу» балаларға өте пайдалы, өйткені ұсақ моториканы дамытады, шыдамдылық пен ұқыптылықты дағды етеді. Қағазда кестелеу өнері, ол қағазда кестелеу өнеріндегі ең ерекше және материалдарды өте аз талап ететін бағыттардың бірі: картон немесе қағаз, қарындаш, сызғыш, түрлі-түсті жіптер, ине, скотч және жіптерді жапсыратын желім. Техниканың мәні - ол қарапайым геометриялық фигуралардың тесіктерін: бұрышын, шеңберін, үшбұрышын, төртбұрышты немесе доғаны жіппен толтыру болып табылады.

   Сабақ барысында үйірме қатысушыларының осы техникаға деген керемет үлкен қызығушылығы қуантты . Жіптерді таңдау әр түрлі контрасты жасауға мүмкіндік берді. «Бірінші құймақ шикі» деген сөз бар ғой,сондықтан біздің «құймақ» шикілеу болса да, жаман емес болып шықты. Жас қолөнерші қыздар тамаша ой-қиялын көрсете білді және осы техниканы өте тез меңгерді. Олар өздерінің жұмыстарында әр түрлі түстерді қолданып, тесіктерді толтырды. Тіпті кейбірі үйде қайталағысы келіп, кестеленген фигуралардың үлгілерін ала кетті. Келесі сабақта біз балалардың бойында икемділік пен шеберліктің тұрақты дағдыларын қалыптастыру мақсатында, қиындықтарды жеңуге үйрету және істеген барлық істерінде кемелділікке жету үшін фигураларды күрделендіруді шештік.

 

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика