Жаңалықтар
25 Шілде 2019 «Кітап оқу сіз үшін қажеттілік пе, әлде...?» сауалнама
Кітап оқу құндылығы осыдан аз уақыт аралығында жоғары бағаланатын. Бүгінгі жаңа технологиялар заманында, интернет-ресурстардағы ақпараттың мол болуына байланысты дәстүрлі қағаз форматтағы басылымдарды оқу екінші сатыға шегерілгендей. Әрине, мұнымен дауласу қиын, бірақ осы заманның өзінде гаджет беттерінен гөрі, кітап беттерінен оқығанды қалайтын адамдар аз емес. Сонымен қатар, қазіргі кітапханалар ақпаратты электронды форматта оқығанды ұнататындар үшін интернет-ресурстарға тегін қол жеткізу, электронды кітаптар топтамасы, толық мәтінді мәліметтер базасы және т.с.с. көптеген мүмкіндіктер ұсынады.
Қай ғасырда да кітап – адамның рухани азығы, айнымас досы деседі. Осы тұжырым 21 ғасырдың адамдарына қаншалықты сай келетіндігін анықтау мақсатында, С.Сейфуллин атындағы орталық қалалалық кітапхананың қызметкерлері қала тұрғындары арасында «Кітап оқу сіз үшін қажеттілік пе, әлде...?» шағын әлеуметтік сауалнама жүргізді. «Кітап оқығанды ұнатасыз ба?», «Сүйікті жазушыңыз кім?», «Соңғы оқыған кітабыңыз қандай?» және т.с.с. сұрақтар қойылып, әртүрлі жауаптар алынды. Қала тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығы жоғары екендігі қуантады. Тіпті кітапсүйер аталарымыз бен апаларымыз кітап оқудың маңыздылығын түсіндіріп, жас ұрпақты кітап оқуға үндеді. Кітапаханашылар сыйға тартқан жаңа кітаптар жайлы ақпарат беретін шағын кітапшалар қала тұрғындарын қызықтырып, кітапханамызға келуге ынталандырды.
https://www.youtube.com/watch?v=6KN_ehxy39c&feature=youtu.be