"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

20 Шілде 2019

«Бағдаршамда қонақта» танымдық ойыны


     Балаларда жолда жүру кезінде қауіпсіз тұрақты іс-әрекет дағдыларын қалыптасыру мақсатында А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында «Бағдаршамда қонақта» атты танымдық ойыны ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар жолда жүру кезінде өзін қалай дұрыс ұстау, бағдаршамда қанша сигнал бар, оның түстері нені білдіреді, машиналарға арналған бағдаршамдардың адамдарға арналған бағдаршамнан айырмашылығы неде, жолды қалай дұрыс өту керек деген сияқты сұрақтарға жарыса жауап берді. Балалар үлкен қызығушылықпен тақырып бойынша жұмбақтар шешті, «Бағдаршам», «Шабандоз», «Сенімді белгі» атты ойындарына қатысты. Өте белсенді және көңілді өткізілген шара барысында қатысушылар жол жүру ережелерін сақтау маңызды екеніне тағы да көз жеткізді.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика