"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

07 Шілде 2019

Кәсіби кездесулер


   4 шілде күні С.Сейфуллин ат. Орталық қалалық кітапхана «Қоғамның әлеуметтік - мәдени өзгеру жағдайындағы қалалық кітапхана»  атты облыстық байқауының қатысушысы ретінде Н.Гоголь ат. Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының әдістемелік орталығының сараптау комиссиясының мүшелерін, құрамында кітапхананың басшысы Аманжолова Д.Б.,  кітапханаларды дамыту бөлімінің басшысы Умбединова Г.Н., инновациялық-әдістемелік жұмыс секторының басшысы  Карашова А.К., ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Иссык И.С., кітапхана үрдістерін автоматтандыру бөлімінің басшысы Чен А.А., өлкетану бөлімінің басшысы Телпекбаева С.О. қарсы алды.

  Шолу экскурсиясы кезінде сарапшылар біздің кітапханамен, миссиясымен және пайдаланушылардың қажеттіліктерімен сәйкес келетін оның қызметімен танысты. Одан кейін мынадай номинациялар бойынша: «Кітапхана - әлеуметтік әріптестік үлгісі», «Кітапхана – орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің  дамыту орталығы», «Кітап қорын толықтырудың жаңа түрлері», «Кітапхана – ақпарат және демалыс орталығы», «Кітапхана - навигатор», «Кітапхана – өлкетану орталығы» Балқаш қ. ОКЖ  жетекші мамандары ұсынған жобаларды қорғау және талқылау өтті.

    Қорғау барысында мүдделі диалог өтіп, онда әрбір қатысушы өз көзқарасын қорғап, пікірталастар туындады, нәтижесінде сараптамалық комиссияның да, қатысушылардың да құзыреттілігі мен кәсібилігін көрсетті. Біздің әдістемелік орталығымызға әдептілік пен тілектестік үшін, өзіміздің жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді көру мүмкіндігі үшін,  қызметімізді бағалағаны үшін үлкен рахмет.

    Мұндай байқаулар өз жұмысымыздың сапасын анықтау, жаңа идеяларды іздеу және әріптестер арасында тәжірибе алмасу үшін өте маңызды. Байқаудың қорытындысын шығару күзде өтеді, бірақ біздің облыстың әрбір ОКЖ өзінің бар мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін көрсетіп, кәсіби ортада өздерінің шығармашылық дамуының әлеуеті мен келешегін көргеніне сенімдіміз, бұл біздің қызметіміздің одан әрі жандануына және кітапханалардың инновациялық дамуына ықпал етеді.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика