"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

05 Шілде 2019

«Домбыра - дастан» күй шашу


                                                                  ...Нағыз қазақ - қазақ емес,

                                                                       Нағыз қазақ - Домбыра!

                                      ҚадырМырза Әли

 

     Ұлттық домбыра күні қарсаңында №1кітапхана-филиалында «Домбыра - дастан» күй шашу мерекелік бас қосу болып өтті. Іс-шара қонақтары Шашубай қонысы «Жеңіс» мәдениет үйінің аккомпаниаторы Ербекеева Бибігул Сағынтайқызы және шәкірттері Ахметова Айым мен Нұрлан Мадина қатысты.

    Алғаш сөз алған Бибігүл Сағынтайқызы домбыраның шығу тарихы мен оның құрылымына, қазақ халқының мәдениетінде алатын орны туралы түсіндіре келе, бұрын ел арасында небір ұлы жыршылар мен күйшілер өмір сүргені, ел аралап, домбырамен тойларда ән салып, халықтың көңілін көтергендігі, жаугершілік соғыс кезінде, домбырадан төгілген күй адамға рух беріп, еңсесін көтергендігі жайлы тың деректерге тоқталып өтті.

   Сонымен қатар өзі жетекшілік ететін домбыра үйірмесі жайында айтты. «Еркетай» тобының мүшелері Ахметова Айым мен Нұрлан Мадинаның домбыраға деген махаббатының арқасында, үйірменің өнерлі оқушылары деп таныстырды. Нәзік саусақтарымен тамылжыта орындаған халық күйі «Айжан қыз» бен «Наркескен» домбыра үнінің құдреттілігін тағы бір мәрте сезіндіре білді. Қазақ елі барда киелі қазақ домбырасы мәңгілік!

 

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика