"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

03 Шілде 2019

«Нұр-Сұлтан - бейбітшілік пен келісімнің тоғысқан жері» бейнесаяхаты


     Жақында біз мемлекеттік мерекеміз – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың төл перзенті керемет те ғажайып астана күнін тойлаймыз.

    С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада өткізілген «Нұр-Сұлтан - бейбітшілік пен келісімнің тоғысқан жері» атты қызықты бейнесаяхат сапарына қаланың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, «Достық» орталығының белсенді мүшелері және ЖББ №9 орта мектептің мектеп жанындағы «Балбұлақ» лагерінің балалары аттанды. Олар Нұр-Сұлтанның әдемі көшелері мен әсем алаңдарында болып, ескерткіштері мен қазақ елінің маңызды тарихи орындарымен танысты. Кітапхананың кішкентай оқырмандары әйгілі ақындар Ф.Оңғарсынова, С.Тұрғынбекұлы, Н.Айтұлы, Т.Молдағалиев, К.Салықов сынды елордамыз туралы тамаша лирикалық поэзиясының туындыларын мәнерлеп оқуы кезінде біздің бас қаламыздың ерекше көркемдігі мен сәнділігі байқалды. Этномәдени орталықтардың өкілдері де Нұр-Сұлтан туралы тамаша әндер орындады.

 

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика