"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

25 Маусым 2019

«Ойнайық та, ойлайық» жазғы кітап лотереясы


     Жаз – бұл кітап оқитын уақыт! Бос уақыттың көп болғаны қандай жақсы?! Қызықты кітап оқисың, ондағы кейіпкерлермен қарым-қатынас жасайсың, ал олар сені қызықты оқиғалар мен ғажайыптар әлеміне жетелейді. Осындай тамаша көңіл күй сыйлайтын «Ойнайық та, ойлайық» кітап лотереясы №5 балалар кітапхана-филиалында жазғы тынығу лагерінің балаларымен өткізілді. Лотерея үшін кіші және орта сынып оқушыларының оқу бағдарламасына байланысты, сонымен қатар кішкене балдырғандарға арналған ертегі, әңгімелері бар 50 кітап таңдап алынды. Оқырмандар сиқырлы паровоздан кітаптың авторы мен атауы көрсетілген лотерея билетін алу арқылы өз бақтарын сынады. Лотереяда ойнатылған  кітаптардың кейбіреуінде  сыйлық жасырылған. Кітап ұсынымының мұндай түрі біздің жас оқырмандарымызға өте ұнады. Сыйлықтарға ие болған бақытты балалар ұсынылған қызықты кітаптарды алып, жақсы көңіл-күймен тарасты.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика