"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

20 Маусым 2019

«Бізге қонаққа кітап келді» әдеби мереке


   Жаздың ыстық күндері біздің кітапханалар  ең кішкентай балалар туралы да ұмытпайды. Себебі мектепке дейінгі жас – ол баланың кітап оқуға ұмтылысының қалыптасуының  бастапқы кезеңдерінің бірі. Саяқ кентіндегі №6 кітапхана-филиалының қызметкері «Балдырған»  балабақшасының тәрбиеленушілерінде қонақта болды. Бұл ең кішкентай болашақ оқырмандармен алғашқы кездесу. Бүлдіршіндер өздерінің ең ақылды, мейірімді және таңғажайып достары - кітаптардың мекен ететін үйі - кітапхана  жайлы алғашқы түсінік алды. Сәбилер түрлі – түсті көркем суреттері бар,  балаларға арналған басылымдармен үлкен қызуғышылықпен танысты. Бүлдіршіндердің назарын кітаптардың ұқыптылығына, түр-түсіне, көлеміне, кітаптардың айырмашылықтарына аударып, оларға өскенде кітаптар арқылы көп білім алатындары, жақсы адам болып өсетіндері, тамаша кейіпкерлермен танысатындары туралы айтылды. Саяқтың кішкентай тұрғындары көрген және естігендерін балалық шынайылықпен қабылдап, кітап оқуды жақсы көруге, ата-аналарымен бірге, ал өскенде өздері әрдайым келуге жаппай уәде берді. 

 

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика