"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

20 Маусым 2019

«Ілияс Жансүгіров – лирик ақын» әдеби қонақжай


        Ілияс Жансүгіров – қазақ сөз өнерінің поэтикасын кемелдендірген, көріктендірген қайталанбас дарын иесі. Ақын ретінде І. Жансүгіров шығармаларының шоқтықты шыңы – оның поэмалары. Оның қаламынан туған «Күй», «Құлагер», «Дала» сияқты поэмалары қазақ поэзиясының інжу - маржаны болып табылады. Ақынның шығармашылығын дәріптеу мақсатында  №1 кітапхана-филиалында «Ілияс Жансүгіров – лирик ақын» әдеби қонақжайы болып өтті. Іс-шара барысында оқырмандарымыз ақынның өмірбаянына байланысты «Ақиық ақын» сөз жұмбағын шешіп, Қ.Қыдыргелді «Құлагер» поэмасынан үзінді оқыды. Ақын шығармалары көп қырлы, алуан сырлы, қазақ әдебиетін ұдайы көркемдіктің шырқай шыңына бастай беретін мәнгілік үлгі-өнеге.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика