"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Іс-шаралар тізімі

Мұрағат

Жаңалықтар

13 Маусым 2019

«Кітап - ғажайып дос» балалар кітаптарын оқу күні


    Кітап арқылы адамзат ақыл-ойының, інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді.  А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы жазғы демалыс уақытында қала бүлдіршіндері үшін оқитын орталық қана емес, сонымен қатар шығармашыл топтардың демалыс және  басқосу орны болып табылады. «Кітаппен жаз көңілді!»  жазғы бағдарлама балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдаланып, жазды кітаппен қалай қызықты өткізуіне болатынына бірден –бір себепші.  Осы бағдарлама аясында 13 маусым күні №15 және ЖББ №5 мектептер жанынан ашылған «Күншуақ» және «Балдәурен» лагерьлерінің балалары жұмбақтар алаңында болып, халық ертегілерінің, жануарлар туралы ертегілердің танымал кейіпкерлерін білуге, сурет бойынша шығармаларды табуға тырысты, әсем суреттермен безендірілген түрлі-түсті кітаптармен танысып, ұзақ уақыт сиқырлы әлемнен ажырағысы келмеді.

 

Вернуться назад