"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

11 Маусым 2019

«Жазғы демалыста жақсы кітаппен»


     Жаз – бұл балалардың бос уақыты көп және ең керемет қызықты мезгілі. Сондықтан кітапхана қызметкерлері осы кезеңде балалар үшін көптеген танымдық көкжиегін арттыруда «Кітапта демалыс жоқ» деген ұранмен өз жұмысын ұйымдастырды. Біздің қонаққа С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназия жанындағы «Алау» лагерінен келген оқушылар қатысты. Балалар кітапхананың анықтамалық басылымдары мен көркем классикалық әдебиеттерімен және әлемдік балалар әдебиетімен, түрлі-түсті бояумен безендірілген қызықты кітаптарымен танысты. Қызықты болу үшін, «Сен білесің бе?», «Сөзжұмбақтар», «Кім жылдам!» т.б. викториналық ойындар ойнатылды. Бұл танымдық ойындар балалардың ойлау қабілетін дамытып,  оқуға деген қызығушылығын арттырады. Келесі күні оқырмандар «Ертегілер әлеміне» саяхат жасап, сұрақтар мен жауап беру арқылы ертегі кейіпкерлерімен танысты. Жаңылтпаштар айтылып, жұмбақтар шешіліп, жас оқырмандарымыз өздерінің икемдігін, жылдамдығын, ширақтырын көрсете білді. Осындай қызықты іс-шаралар бүлдіршіндер жаз айын ерекше және ұмытылмастай әсер алуға және бос уақытын тек қызықты ғана емес, сонымен қатар пайдалы өткізуге мүмкіндік береді.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика