"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

05 Маусым 2019

«33 ойлар» үйірмесі


   Жадырап жаз келді! Балалар да көптен күткен жазғы демалысқа шықты. Олардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, жаз мезгілін қызықты өткізіп, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада дәстүрлі «33 ойлар» үйірмесі талапты да дарынды, белсенді оқырмандарымен өз жұмысын жалғастырып келеді. Үйірмеде балалар сурет салуды, бисермен жұмыс, аппликация өнері арқылы картиналар, түрлі түсті қағаздардан әдемі бұйымдарды жасауды үйренеді. Жазғы демалыс кезінде үйірме тұрақты жұмыс істейді. Осындай үйірмелердің арқасында бүлдіршіндер бір-бірімен жақсы араласып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін де дамытады. Біз сіздерді «33 ойлар» үйірмесіне шақырамыз!

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика