"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Жаңалықтар

05 Маусым 2019

Мемлекеттік рәміздер – мақтанышымыз


       Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы мемлекеттік рәміздерді қастерлеп  құрметтеу - міндетті парызымыз.

       А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында «Рухты асқақтатар рәміздер» ақпараттық сағаты өтті. Шара барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұранының сипаттамасына және салтанатты жиындарда ресми түрде пайдалану тәртібіне тоқтала отырып, рәміздердің қасиетті мәнін әрбір азамат терең түсініп, қастерлеуге міндетті екені, оларға құрметпен қарау, ондағы бейнелердің мәні, олардың авторлары туралы мәлімет берді. Оқушылар өз патриоттық сезімдерін өлең оқу арқылы жеткізе білді. Іс-шара барысында «Сен білесің бе?» сұрақ-жауап сайысына белсене жауап беріп, білімдерін шыңдай түсті.

        №2 кітапхана-филиалында «Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздік белгілері» брейн-ринг өткізілді. Ойынға екі топ «Тұлпар», «Қыран» қатысып, үш кезеңнен: «Эрудит», «Капитандар сайысы», «Сен білесің бе?» тұрды. Брейн-рингте дұрыс жауапты білу жеткіліксіз, мұнда ойлау жылдамдығы, команда бойынша серіктестердің ұсынған жауаптарын тез талдап, дұрыс нұсқасын таңдау қажет. Қызыққа толы ойында ұшқыр өнер көрсеткен «Тұлпар» тобы жеңімпаз атанды. Өткізілген шара, жастарымыз өз Отанының тарихына құрметпен қарап, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлей білуге, яғни Қазақстанның болашағы жас ұрпақтың қолында екендігін білдірді.

 

 

 

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика