"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

03 Маусым 2019

1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні


      Жаз мезгілінің бірінші күні - Халықаралық балаларды қорғау күнімен басталып, ең жарқын және көңілді мереке болып саналады. Бұл күні балаларға арналып көптеген ойын-сауық және мәдени шаралар ұйымдастырылады.

     Қалыптасқан дәстүр бойынша А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы  «Жұлдыз» балабақшасының бүлдіршіндерімен «Жаңа әлемде өмір сүреміз!» ойын-сауық бағдарламасын өткізді. Балалар мерекенің шығу тарихымен танысып, жұмбақтар шешіп, сүйікті ертегі кейіпкерлерін еске түсірді. Іс-шара балалардың жаздың ерекше және қайталанбас бөлігін салуға тырысқан «Әрқашан күн сөнбесін!» тақырыбында асфальтқа сурет салумен жалғасын тапты. Суреттер жарқын, қанық, бір-біріне ұқсамайтын болып шықты. Күн ұзақ ашық аспан аясында өткен балғын суретшілердің шығармашылығына тәнті болған қазылар алқасы ерекше суреттері үшін дипломдар және алғыс хаттар табыстады.

     Жазғы демалыс кезінде іс-шараларды ұйымдастыруға №2 кітапхана-филиалының қызметкерлері үлкен дайындықпен кірісті. Олар ЖББ№16 мектебінің спорт алаңында 5-сынып оқушыларымен «Ах, эта дивная пора!» ойын-сауық  бағдарламасын өткізді. Спорт алаңында балалар «Толағай», «Күншуақ» болып екі топқа бөлініп, күшпен, ептілікпен, тапқырлықпен жарысты. Мереке тартымды да қызықты өтіп, балаларға жайдарлы көңіл-күй, қуаныш  сыйлады. Соңында балалар мадақтау қағазымен марапатталды.

     №4 «Сырлас»  кітапхана-филиалында ұйымдастырылған «Біз бақытты баламыз» атты дауыстап оқу сағатына балалар үлкен қызығушылықпен қатысты.

     Қоңырат ықшам ауданындағы  №5 балалар кітапхана–филиалында дәстүрлі түрде «Бүкіл әлем – балалар көзімен»  асфальтқа сурет салу байқауы өтті. Бұл байқауымыз балалар  қиялының нағыз ұшқыр екендігін көрсетті. Олар өздерінің суреттеріне  сүйікті ертегі кейіпкерлерін, күнді, табиғатты, кемпірқосақты, отбасын, әуе шарларын, бүкіл әлемде бар нәрсені сыйғызуға тырысты. Бірнеше сағат ішінде алаң достық пен сүйіспеншілікті бейнелейтін жарқын көңілді пазлға айналды. Балалардың қуанышында шек болмады. Балдырғандардың жұмыстарын қазылар алқасы бағалап,  жас суретшілер дипломдармен марапатталып, барлық балаларға тәттілер үлестірілді.

     Саяқ кентіндегі №6 кітапхана-филиалында «Ойлан, тап!» викториналық сұрақ жауап ойыны өткізілді. Шара барысында балалар «Алғырлар» және «Тапқырлар» екі тобына бөлініп, сұрақтарға жауап беріп, шығармашылық қабілеттерін дамытып, өз белсенділіктерін көрсетті. Өздерін ерекше көрсете білген «Алғырлар» тобы жеңіске жетіп, жақсы көңіл-күймен тарқасты.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика