"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

30 Мамыр 2019

«Жастарды кітапханаға тартудың жаңа жолдары» воркшоп - семинары


    Бүгінгі күні кез келген кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетіп қана қоймай, оларды әдебиет әлемімен таныстырады, сонымен қатар қала тұрғындарына бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуге, жаңалықты тануға, қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін орталық болып табылады. Кітапхана сандық технологиялар дәуірінде сұранысқа ие болу үшін оның тартымды бейнесін қалыптастыру, үнемі жаңа идеяларды іздеу, дәстүрлі кітаптар мен электронды ресурстарды, гаджеттер мен т.б. пайдалануды шебер үйлестіру, өз пайдаланушыларының әрқайсысына ыңғайлы, жайлы және қызықты болу үшін жеке және жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Әсіресе, біздің елімізді болашақта дамытатын жастарды кітапханаға тарту маңызды, яғни табыстылық, білім мен сұранысқа ие болу үлгісін көрсету.

    С.Сейфуллин ат. Орталық қалалық кітапханада ОКЖ қызметкерлеріне «Жастарды кітапханаға тартудың жаңа жолдары» воркшоп – семинары өтті. Онда әрбір спикер өз тәжірибесімен, білімдерімен және жастардың бос уақытын ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерін әзірлеумен, креативті көрмелер дайындаумен, кітапхана қызметін белсенді пайдалануға, коммуникацияларды дамытуға, жетілдіруге ынталандыратын өз оқырмандарына жеке көзқарас іздеумен бөлісті. Белсенді өзара іс-қимыл және ұсынылған идеялардың генерациясы көптеген қызметкерлерге өзіне және өз кітапханаларында жаңа міндеттер қалыптастыруға, оқырмандармен жұмыс істеудің басты бағыттарын анықтауға, өзінің кемшіліктерін және оларды жою жолдарын көруге мүмкіндік берді. Семинар модераторы, ОҚК оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Арзымбетова А., филиалдардың меңгерушілері  Утепова М., Қожамұратова Ш., Абилкасова М., Ыбышева Л., Сарсекеева А. және тағы басқалары қызықты ойларымен және тәжірибелерімен бөлісті.

    Сонымен қатар, әріптестерінің алдында жас кітапханашы Әлімжан Т. «Әлеуметтік серіктестік кітапханаларды дамытудың өзекті бағыты ретінде» (Ж.Бектұров ат. ҚОЖК)  атты облыстық семинарға алғаш қатысып, «печа-куча» форматында ұсынған ақпаратымен бөлісті.

    Әрдайым жаңа білім алуға, үнемі дамуға ұмтылу - бұл кез-келген ортада кәсібилікке ие болудың басты шарты және кітапханалық – ақпараттық қызмет барысында да маңызды екенін айта кету керек.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика