"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

30 Мамыр 2019

Тарихтың қасіретті беттері...


     XX-шы ғасырдың 30-шы жылдары...Осы бір зұлмат заманның сұмдығын ұмыту мүмкін емес. Қазақ халқының бетке ұстар зиялы да зерделі ұл-қыздарын абақтыға қамап, елім деп еңіреген азаматтарын жазықсыз жазалаған зұлмат жылдар жаңғырығын есте сақтап, ұмытпас үшін мынадай іс-шаралар өткізілді.

     С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада «Ұмытуға қақымыз жоқ» естелік сағаты өтті. Іс - шараға академик Ж.С.Ақылбаев атындағы Балқаш маңызды білім беру, Балқаш сервис, Балқаш көпсалалы, Балқаш медициналық колледждерінің студенттері қатысты. Өткізілген іс-шараға Балқаш қалалық өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Д.А.Қожақов арнайы қонақ болып, студенттерге қиын жылдардың қилы тағдырын баяндай отырып, тарихи деректермен бөлісті. Шара барысында бейнеролик көрсетіліп, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін осындай кездесулерді ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті. Жан дүниеңді дір еткізер сырға, мұңға толы жылдар жаңғырығы іс-шараға қатысушы әр адамды бейжай қалдырған жоқ.

     Әр қазақ баласы көкірегін қарс айырып, қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасына жиналған жас жеткіншектер сырға толы тарихымыздың қойнауына тереңірек үңіліп, «Халқым» деп қасірет шеккен жандар тарихына көз жүгіртті... Ұсынылған  бейнефильмнен қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылар есімдерін және олар туралы мәліметтерді білді. Кітапханашы кітапхана қорындағы ашаршылық зардабын баяндайтын көркем әдебиеттерге шолу жасап, осы тақырыптағы кітаптарды жиналғандардың назарына ұсынды.

    №4 «Сырлас» кітапхана-филиалында «Ұлт тарихындағы зұлмат жылдар қасіреті» еске алу кеші ұйымдастырылды. Шараға «Қазақмыс» Корпорациясының политехникалық колледжінің ТЭ-18-9-1к тобының студенттері ұстаздарымен, Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығының  қызметкерлері қатысты. Еске алу сағаты жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіздік жариялаудан басталды. Кеш қонақтары Қ. Сәденов, С.Елеубеков, М.Утенова, К.Садуақасова, Е.Баймағамбетов саяси репрессияға ұшыраған адамдардың тағдыры туралы  нәубет естеліктерімен  бөлісті. Оқырмандар назарына қанды қырғынның куәсі болған «Алжир лагері», «Ашаршылық» деректі фильмдерінен алынған бейнеролик көрсетілді. С.Елеубеков Ғалым Жайлыбайдың «Қарағанды лагері» атты өлеңін әсерлі әрі мәнерлеп оқып берді. Шара соңында «Зұлмат жылдар қасіреті» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика