"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

29 Мамыр 2019

«Кел, жылдарым» әдеби-лирикалық кеш


        Қазақ ақыны және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбділдә Тәжібаев шығармашылығы қазақ поэзиясының қалыптасуы мен дамуына ықпал еткен ақындардың бірі. 2019 жылғы «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында  №5 балалар кітапхана-филиалында Ә.Тәжібаевтің шығармашылығына арналған «Кел, жылдарым» әдеби-лирикалық кеші өткізілді. Кітапханашы Ә.Тәжібаевтың шығармашылығы қазақ әдебиетінің қалыптасуына үлкен үлес қосқанын айта келіп, шығармаларының тақырыбы әр түрлі - халықтың өткені, өмірдің мәні, махаббат, адамның қадір-қасиеті туралы екендігін жеткізді. Шара барысында балалар ақынның  өлеңдеріне жазылған әндерді орындап, өлеңдері мен поэмаларын  тебірене оқыды. Кеш соңында қатысушылар ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған слайд-шоуды тамашалады.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика