"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

17 Мамыр 2019

«Әдептілік- адам көркі» этикет сағаты


    Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Осыған орай, Қоңырат мөлтек ауданында орналасқан №5 балалар кітапхана-филиалында «Әдептілік - адам көркі» атты этикет сағаты өткізілді. Бұл іс-шарамызға ЖББ №25 мектептің 2-сынып оқушылары қатысты. Этикет сағатын өткізу барысында кітапханашы «әдептілік» ұғымы жайлы  «Ұлық болсаң - кішік бол, кішіпейілділік – кішілік емес кісілік», - деп ой тарқатып, қазақ халқына тән дарқан қонақжайлылық, үлкенді құрметтеу, ағайын туғанға бауырмалдық, аталы сөзді қадір тұтып, уәдеде тұра білуге, әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйретті. Оқушылар өздерінің ұстазы С.С.Тоқабаевамен дайындаған амандасу рәсімінде, дастархан басында өзін-өзі ұстауы этикеті бойынша дайындаған көріністерін көрсетіп, балалар әдептілік жайлы тақпақтар айтып берді. 
 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика