"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Жаңалықтар

17 Мамыр 2019

«Кітап - табысқа апарар дара жол» іскерлік алаңы


         С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада  «Bookdating –кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса» жобасы аясында, «Кітап - табысқа апарар дара жол» іскерлік алаңында   табысты адамдармен кездесулер жалғасуда. Бұл жоба арқылы жастар белгілі бір жетістіктерге жеткен адамдармен сұхбаттасуға мүмкіндік алады. Өңірімізде ел ықыласын иеленіп, көптің батасымен көгеріп жүрген, көргені мен түйгені көп ерлер аз емес. Солардың бірі қаламыздың біртуар азаматы, облыстық, аймақтық жыр мүшайраларының жеңімпазы, «Қаламгер» әдеби бірлестігінің мүшесі, «Балқаш өңірі» газетінің  редакторы Қуаныш Сағынтайұлы Аманқұловпен кездесу өтті. Басқосуда спикер өмір жолында үлгі болған сүйікті кітаптары туралы ой бөлісіп, жетістікке жету жолын талқылады. Кездесу барысында қатысушылар қаламгер ағаларына  өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, ақын жырларын нақышына келтіріп орындады. Шара соңында жас ақын келелі кездесуге ұйытқы болған кітапхана ұжымына алғыс білдіріп, жас толқынмен естелік суретке түсті. Жас ұрпақ жанында жүрген шығармашыл, ақылды, табысты адамдарды әрдайым көріп, сұхбаттасып отыруы үшін мұндай кездесу алаңдарын өткізу маңызды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика