"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

15 Мамыр 2019

«Ұлы тұлғаның үлкен тойы» (Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына)


     Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, дүлдүл ақын, драмашы, прозашы, үш бәйтеректің бірі «поэзия Құлагері» Ілияс Жансүгіров біле білгенге маржан сөздің қайнар бұлағы. Кемеңгер ақынымыздың әрбір сөзі қазақ халқы үшін жарық сәуле, жанына етене жақын қазынасы іспетті.

   С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханада «Құлагер ақын» поэзиялық кеш өткізілді. Шараға Балқаш қаласының көпсалалы, медициналық, Академик Ж.С.Ақылбаев атындағы маңызды білім беру колледждерінің студенттері қатысты. Кеш барысында қатысушылар прозалық, драматургиялық шығармаларымен танысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Поэзияға деген құштарлығын арттыруда ақынның «Құлагер», «Қарындастарыма», «Арман», «Домбыра» атты шығармаларынан үзінді оқыды. І.Жансүгіровтың шығармалары өнерді дәріптеген туындылар. Ол осы шығармаларымен келешек ұрпаққа «Өнер - адамның асыл мұрасы», - деген ойын жеткізеді.
    №3 кітапхана-филиалында «Қазақ поэзиясының Құлагері» танымдық сағаты оқырмандардың қатысуымен өткізілді. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы слайд арқылы таныстырылып, оқырмандар назарына мерзімді басылымдардан материалдар мен суретті кітаптары қойылған  көрме ұсынылды. Кітапхананың белсенді оқырмандары Д.Канкулов, Б.Жанасылов, Ж.Махметова, Н.Көшербаев І.Жансүгіровтың «Құлагер», «Дала», «Күйші» кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісті. «Жас талап» клубының мүшелері А.Советалы, А.Алтынбекова, Н.Жакеева, І.Өміржан ақынның «Жас бұлбұлдарға», «Күн боламыз» атты өлеңдерін оқыды.

   Жансүгіров  қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етіп, жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.

 

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика