"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

04 Мамыр 2019

«Отцов в строю сменяют сыновья» ерлік сабағы


        Отан қорғаушылар күні – бұл ерлік пен даңқтың мерекесі, тәуелсіздік жолында күрескен ерлеріміздің ерен еңбегін, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен әкелер мен аталарды ұмытпай ұлықтайтын күн. Бұл күн – Отан, мемлекеттік мүдде, саяси қауіпсіздік пен дербесті қорғайтын, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін ерекше күн. №2 кітапхана-филиалында №17 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушылары АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы А.М.Левковичпен бірге «Отцов в строю сменяют сыновья» ерлік сабағы барысында патриоттық, ел тағдыры үшін жауапкершілік тақырыбына өз ойларын арнады. Әңгімелесу кезінде қазіргі заман жауынгерлерінің Отан қорғаушысы атағы көп нәрсеге міндеттейтіні атап өтілді. Қазіргі заманғы күрделі, тұрақсыз жағдайларда жас ұрпаққа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің даңқты дәстүрлерін сақтау, Ұлы Дала елінің сан ғасырлық тарихын білу, мемлекеттік және қоғамдық құндылықтарға құрметпен қарау, өзінің әскери борышын абыроймен атқару өте маңызды. Өйткені, еліміздің бейбітшілігі мен тыныштығын қорғап жүрген бүгінгі айбынды әскеріміздің қатарында батыр бабаларымыздың рухы күшті немерелері мен шөберелері әскери қызмет атқарып жүр. Жас балқаштықтар өз Отаны, өз Елі үшін қызмет етуге дайын.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика