"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

30 Сәуір 2019

«Жылулық пен сәулені кітап арқылы танимын» даналық сағаты


     Кітап! Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Біз өмір сүріп жатқан әлемді оқусыз елестету мүмкін емес. Саяқ кентіндегі № 6 кітапхана-филиалында «Жылулық пен сәулені кітап арқылы танимын» тақырыбында даналық сағаты өтті. Балалар кітаптың пайда болу тарихымен, әр елдердің оқу дәстүрімен танысты. Олар кітапты ашқан сайын әлемнің тылсым дүниелерімен және жаңа құндылықтарымен танысатындықтарын айтып, оқыған кітаптары туралы өз әсерлерімен бөлісті.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика