"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

30 Сәуір 2019

«Кітап оқитын отбасы бенефисі» көрме–кездесу.


     Кітапхана - бұл қажетті кітапты  және ақпарат алуға болатын мекеме ғана емес, бұл барлық жастағы балқаштықтар үшін есте қаларлық іс-шаралар өтетін мәдениет ошағы. Саяқ кентінің №6 кітапхана-филиалында «Кітап оқитын отбасы бенефисі» атты көрме–кездесу ұйымдастырылды.  Осы мерекеге кітапхананың ең белсенді, шығармашыл, дарынды отбасылары, кітапсүйер қауым қатысты. Олар Амиртаевтар, Давыдовтар, Шынат отбасылары және ЖББ №6 мектеп оқушылары, кітап пен оқуға деген құштарлығы мен ынтасы мол оқырмандар. Бенефис оқырман отбасыларын таныстырудан басталды, қатысушылар өздері туралы, кітапқа деген қызығушылықтары қашан оянғанын және олардың оқырмандық дәстүрлерінің қалай қалыптасқанын айтты. Қонақтардың назарына шара қатысушылары алып келген және кент кітапханасының кітаптарынан жинақталған «Менің ең жақсы көретін достарым – кітаптар» көрмесі ұсынылды.Мағыналы да пайдалы бұл кездесу ерекше достық атмосферада өтті.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика