"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

26 Сәуір 2019

Бос уақыт пен қарым-қатынасты кітап оқу арқылы ұйымдастыру - «KITAPFEST» кітап фестивалінің басты идеясы


     Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл - ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. 
     Кітап мәртебесін көтеру, қала тұрғындарын кіап оқуға баулу мақсатында 26 сәуір күні С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана аумағында әртүрлі мамандық, түрлі ұлт өкілдерін біріктірген, әр жастағы 200-ден аса балқаштықтардың қатысуымен «KITAPFEST» кітап фестивалі ұйымдастырылды.

   Фестиваль Балқаш сервис колледжінің студенттерінің кітап оқуды насихаттауға арналған  флешмобпен ашылып,  көрермендердің көңіл-күйін көтерді. Қала тұрғындарының арасында  үлкен танымалдылыққа ие болған «Өзің оқы, басқаға бер» буккроссингі. Қатысушылар «Ұлы Даланың жеті қыры» этноалаңында қазақ халқының мәдени мұрасымен танысты.  Фестиваль қонақтарының назарына келесі алаңдар ұсынылды:  «33 ойлар» шеберханасы, «Көңіл толқыны» поэзия алаңы, «Кітап пен спорт жеңіске жетелейді» спорт алаңы,  «Ғажайып елі» балалар алаңы және т.б. Бұл күнде барлық қатысушылар  ән тыңдап, ән шырқап, кітап жаңалықтарымен танысып, кітап лотереясына қатысып, виртуалды шынайылық әлеміне үңіліп, өз шығармашылық қабілеттерін ашып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Кішкентай оқырмандарымыз үшін де мынадай ойын-сауық бағдарламалары қарастырылған: қуыршақ театрының қойылымы, ойындар, викториналар және конкурстар. Селфи әуесқойлары үшін фотоалаңдар ұйымдастырылды.  Болашақты болжайтын «Сиқырлы сандық»  фестиваль қонақтары назарынан тыс қалған жоқ. Кез-келген көрермен сиқырлы сандықтан өзінің болашағы жайлы әзіл түріндегі болжамдарды білді.

  Фестивальдің ұйымдастырылуына белсенді қолдау көрсеткені үшін Мәдени-сауық   орталығы, Оқушылар сарайының қызметкерлеріне, жергілікті ақындарға, қала колледждері мен орта мектептерінің ұстаздары мен оқушыларына, сондай-ақ кітап мерекесіне келген барлық қатысушыларға алғысымыз шексіз.

    Фестиваль өте қызықты өтті. Шара қонақтарының арасында көптеген өнерлі жастардың болғандығы еліміздің болашағына деген үлкен сенім тудырады. «KITAPFEST» кітап фестивалі балқаштықтарға көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды тосын сыйлар сыйлады. Кітап арқылы әлемді танимыз, сондықтан бізбен бірге әлем жақын болмақ!

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика