"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

25 Сәуір 2019

«Қазақстан – біртұтас халықтың бесігі» құттықтау парақшасы


     Қазақстан бүгінде жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туыстықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Бүгінгі С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада өткен шараның  мақсаты да халықтар арасындағы достықты нығайту,  Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу болып табылады.

     Шара барысында «Возрождение» немістер қоғамының, «Славяночка», ЖББ №1 вокалдық топтары және «Задоринка» қасықшылар ансамблінің жетекшілері өнерлерін көрсетіп, өз ұлттарына тән салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен таныстырып өтті. Бұл күні Қазақстан халықтарының әдемі ұлттық киімдері көздің жауын алып, әндері, жанға жайлы құттықтаулары көңіл сергітті.  Бұл шара тағы да көпұлтты Қазақстан халқының татулығы мен бірлігін дәлелдей түсті.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика