"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

19 Сәуір 2019

«Жарқын болашақ үшін күрескен – қаhарман қыз» танымдық сағаты


     Қазақ тарихында ерлік пен даналық, отансүйгіштік қазақтың ер азаматтарына ғана емес, есімі тарих беттерінде алтын әріппен өрнектеліп, ерліктің мәңгі алауын жаққан қазақтың батыр қыздарына да тән. №4 «Сырлас» кітапхана-филиалында өткен «Жарқын болашақ үшін күрескен – қаhарман қыз» атты танымдық сағат аты аңызға айналып, ерлік істері мәңгі есте қалған, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 95 жыл толуына арналды. Іс-шараға Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушылары, зейнеткер-ұстаз Г.Қ.Қызылбаева мен кітапхананың тұрақты оқырманы Т.Рахымберлина қатысты. Кітапханашы оқушыларға соғыс жылдарында өліммен күн сайын тайсалмай бетпе-бет келген қаршадай қазақ қызының аз ғана ғұмырында ерлікке, қаһармандыққа, өрлікке, намыс пен рухшылдыққа өшпейтін, өлмейтін ескерткіш орнатып кеткен Әлия Молдағұлова туралы мағлұматтар берді. Ә.Тілектес С.Мәуленовтың «Әлия мектебінде» өлеңін, Ә.Төлеуғалы Ж.Молдағалиевтың «Әлия» туындысын мәнерлеп орындап, іс-шараны қорытындылады.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика