19 Сәуір 2019
Отанға деген сүйіспеншілікті, қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеуде Саяқ кентінің №6 кітапхана-филиалында Кеңес Одағының батыры, халықтың есінде қалған қазақтың қаһарман қызы Әлия Модағұлованың 95 жылдығына орай «Жарқын болашақ үшін күрескен қаhарман қыз» танымдық сағаты өтті. Іс-шара барысында ЖББ №6 мектебінің 9-сынып оқушыларына мерген қыздың өмір жолы мен ұрыс даласында жасаған ерлігі туралы айтылды. Ә. Молдағұлова қазақ халқының тарихына батыр, ата-бабаларының даңқты қызы ретінде кірді. Оның есімі туған халқына ерлігі мен қаһармандық жеңіс символы болды.