"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

17 Сәуір 2019

«Мен өз елімнің ұлымын, өз Отанымның азаматымын» көшпелі ақпараттық сағат


     Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы әрі тұңғыш президенті, КСРО Ғылым академиясының академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еліне сіңірген еңбегі зор. Осы орайда С.Сейфуллин атындағы ОҚК оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері Балқаш сервис колледжінде көшпелі ақпараттық сағат өткізді. Жастарды  атақты  академиктің еліне сіңірген ерен еңбегі мен сан қилы өмір өткелдері таң қалдырып, қызу диалог тудырды.  
Қазақ халқының ұлы Қ.И.Сәтбаев сынды әлемдік тұлғаның туғандығы - ғажап құбылыс екендігі айтылған, ол еліміздің жер қойнауы байлығын ашты. Орталық Қазақстанның, елдің шығысы мен оңтүстігінің тау-кен металлургиялық комплекстері мен Батыстың мұнай және газ кен орындарын игеру жұмыстары - оның көп қырлы қызметінің жемісі болып табылады.

    Жас ұрпаққа Қазақстан тарихында алтын әріппен жазылған  атақты адамдардың есімдерін насихаттау өте маңызды, ол Ұлы Дала елінің бай мұрасын танытып, патриоттық сезімді дамыта түседі.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика