"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

16 Сәуір 2019

«Қазақ поэзиясының құлагері» әдеби портреті


     Коңырат ықшам ауданындағы №5 балалар кітапхана-филиалында әйгілі ақын, драматург, сөз зергері Ілияс Жансүгіровтың 125- жылдық мерейтойына арналған «Қазақ поэзиясының құлагері» атты әдеби портреті болып өтті. Аталмыш шараға ЖББ №25 орта мектептің 7-8 сынып оқушылары қатысып, ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы кітапханашылар дайындаған бейнефильмді тамашалады. 7 «А» сынып оқушысы А.Аманғазина ақынның «Құлагер», 8 «Б» сынып оқушысы А.Сәкітайқызы «Күйші» атты поэмаларынан үзінді оқыса, 8 «Б» сынып оқушылары А.Абдығалықұлы мен «Домбыра», А.Шайкимбаев «Кедей еркі» сынды өлеңдерін нақышына келтіре оқып, көрермендерді тәнті етті.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика