"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

16 Сәуір 2019

«Өмірім шахматпен бірге» сырласу сағаты


     «Туған жер» бағдарламасы аясында Балқаш топырағынан шыққан шахмат чемпионы әрі қаладағы шахмат ойынының дамуына өлшеусіз үлес қосқан  спорт  қайраткері, шахматтан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ерғазы Әубәкірұлы Әлімжановтың  70 жылдығына орай №1 кітапхана–филиалында «Өмірім шахматпен бірге» сырласу сағаты өтті. Іс–шараға ардагерлер клубының мүшесі шахмат ойынының жеңімпазы Капленко Е.И., ағамыздың шәкірттері Балқаш қаласының қыздар арасындағы чемпионы  Н.Қ. Қасымова, Балқаш қаласының жеткіншектер арасындағы чемпионы С. Рысмағамбет, Қарағанды облысы бойынша  жүлделі орындарға ие болған А. Сағынтаева қатысты. Шахматқа деген сүйіспеншілігі, өз білгенін өзгелерге үйретуге деген ниеті Ерғазы Әубәкірұлының бойындағы басты қасиет. Сырласу барысында Ерғазы ағамыз балалық шаққа саяхат жасап, өз шәкірттерімен мақтанатындығын тілге тиек етті. Келген қонақтар Ерғазы Әубәкірұлының қандай әке, ата екендігіне тоқтала келіп, шын жүректен мерейтойымен құттықтады. «Шахмат логикалық ойлау қабілеттілігін дамытады» - дегенді жақсы түсінген оқырмандарымыз Ерғазы Әубәкірұлынан сабақ алатындарын жасырмады.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика