12 Сәуір 2019
Терроризмнің қоғамға қаншалықты қауіпті екендігін, сананы улайтын сансыз теріс ағымдардың соңынан кетпеу керектігін сақтандырып ескерту мақсатында Қоңырат мөлтек ауданының №5 балалар кітапхана-филиалында ЖББ №25 орта мектебінің 8-9 сынып оқушыларымен «Терроризм – бәрімізге төнген қауіп» атты бейне әңгіме өтті. Кітапханашы терроризммен, діни экстремизмнің елімізге келтіретін зардаптары туралы видеоролик көрсетіп, балалардың әрқайсысы үшін бейбітшілік сөз нені білдіретіндігі және Жер бетінде соғыстар мен қайғы-қасірет болмас үшін не істей алатындығы туралы әңгіме қозғады. Оқушылар кітапханашылардың терроризм және діни экстремизм тақырыбында дайындаған кітапшаларымен танысты.