"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

11 Сәуір 2019

«Туған жерім - тұғырым» туған өлкеге виртуалды саяхат


     «Әркімнің туған жері – жерұйығы» дегендей әр адамға өз Отаны қашан да ыстық. Туған жер – әрбір адам баласы үшін оның өткенімен және болашағымен байланыстыратын киелі мекен, киелі ұғым. Балқаш қаласының туған күніне орай, А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында туған жердің тарихи тұлғалары мен құрметті азаматтарын таныта отырып, болашақта тәуелсіз еліміздің, туған жеріміздің тұғырын биіктен көрсетуге бағытталған «Туған жерім - тұғырым» атты өлкеге виртуалды саяхат өтті. Қатысушылар өздерінің туған жері бойынша «Тарихи бекет», «География бекеті» және «Әдебиет бекеті» аялдамаларына танымды саяхат жасады. Топқа бөлінген балаларға өлкеге қатысты қызықты деректер айтылып, құнды естеліктер қалдырған адамдары жайлы, қаланың маңызды оқиғалары, Балқаштың даңқын шығарған атақты адамдары туралы танымдық сұрақтар қойылды. Іс-шара №15 мектеп-лицейінің «Баянды өлке» насихат тобының өнер көрсетуімен аяқталды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика