"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

01 Сәуір 2019

7 күнге созылған мереке


     Жыл сайын оқушылардың көктемгі демалыс күндері  А.Гайдар атындағы  Орталық  қалалық балалар кітапханасында өтетін дәстүрлі  Балалар кітап апталығы «7 күнге созылған  мереке» айдарымен өтті.  Апта бойы «Жұмбаққа толы сейсенбі»,«Әңгімелі сәрсенбі» «Негештің бейсенбісі», «Жұма күні газет-журнал оқиық», «Ертегілі сенбі» деп аталған күндері  жас жеткіншектің  кітап оқуға құмарлығын, рухани байлығын, шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында  көңілді оқиғалар, әдеби жаңалықтар, байқаулар, викториналар ұйымдастырылды. Аптаның бір күні балалар жазушысы Б. Соқпақбаевтың 95 жылдығына арналды. Балалар жазушының шығармашылығымен танысып, шығармадан үзінділер оқыды. Қызықты да тартымды өткен «Негештің бейсенбісі» бүлдіршіндерге  бағыт-бағдар сілтейтін, сан алуан тақырыпты қамтитын энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтарға саяхат жасаумен басталды. Көрмеге қойылған анықтамалардан әр түрлі білім саласы бойынша сұрақтар қойылып, балалардың қызығушылығын тудырды. Тапсырмаларды орындауға тырысып, балалар анықтамалық әдебиетті пайдалануды үйренді, сонымен қатар, газет-журналдардың қызықты айдарларымен танысып,  беттеріндегі қызықты әңгімелер мен өлеңдерді оқыды, ойындар ойнап, ребустар, сөзжұмбақтарды шешті.

     Кітап сүйер қауымды жинаған қызықты да думанды шараның тағылымдық мәні зор болды. 

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика