01 Сәуір 2019
«Nur Otan» партиясының «Қазақстан кітапханалары – заманауи Білім орталықтары» жобасын жүзеге асыру аясында оқушылардың көктемгі демалыс күндері С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхананың коворкинг-орталығында «33 идеи» үйірмесі өз жұмысын жалғастыруда. Кітапхананың тұрақты оқырмандары мен үйірме мүшелері өздерінің таланттарын көрсете отырып, түрлі-түсті қағаздан әр түрлі ұсақ-түйектер жасап, сурет салып, бисерден әр түрлі аппликациялар жинап, қарапайым жармалардан шағын-суреттер жасап көрсетуде және «Эрудит», «Монополия» үстел ойындары, дойбы, шахмат ойнап, пазлдар жинайды. Осылай балалар демалыс күндерін қызықты және пайдалы өткізеді.