"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

18 Наурыз 2019

«Музыкалық мэтр» онкүндік


      Қазақ халқының рухани әлемінде музыка өнері ерекше орын алады. Қазақтың көл-көсір мұрасын жинақтауды өзіне парыз деп санаған жанның бірі, композитор, этнограф, музыка және қоғам қайраткері Александр Викторович Затаевичтің 150-жылдығына орай қала кітапханаларында жан-жақты іс-шаралар өтті.

     А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында «Қазақтың музыкалық мұрасын жинаушы» айдарымен әдеби-сазды сағаты өтті.  Кітапханашы композитордың жинаған қазақ музыкасының ел арасына кең тараған әсем де әуезді үлгілерін айтып, халықтың кәсіби әнші-күйшілерінің шығармашылық қызметін, олардың орындаушылық шеберліктерінің сырын ашты. Қатысушылар композитордың кезінде нотаға түсіріп, алтын қорда қалдырған «Дайдидау» әнін  Димаш Құдайбергеновтың орындауында таспадан тыңдады. Балқаш қаласының Мәдени-сауық орталығының әншілері Е.Баймағамбетов, Ж.Хасеновтың орындауындағы халық әндері көрермендерге көтеріңкі көңіл –күй сыйлады.

     №1 кітапхана – филиалында «Қазақ музыка әлемі мен А.В.Затаевич» атты музыкалық дилижанс өтті. Музыка зерттеушісі, сазгер А. Затаевичтің артына қалдырған мол мұрасы жайындағы іс–шарада Мәдени-сауық орталығының «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Ж. Хасеновтың орындауында «Ағаш аяқ» және аккомпаниатор Е. Баймағамбетовтың орындауында «Айқаракөз» әндері орындалып, «Сәулем - ай» шығармасы таспадан тыңдалды. Алдын ала дайындалған үш аялдамадан өтетін ойынға Балқаш сервис колледжінің студенті және Акамедик Ж.С. Ақылбаевтың Балқаш маңызды білім беру колледжінің студенттері қатысып, өз білімдерін тексеріп шықты. Кітапхана қорындағы А.В.Затаевичтің 1963 жылы жарық көрген «1000 песен казахского народа» кітабын қатысушылар қолдарына алып, ішіне енген қазақ әндерімен танысты.«Қазақтар – менің туған халқым» деп айтып кеткен Александр Викторович Затаевичтің есімін қазақ елі ешқашан ұмытпайды, оның ірі тұлғасы ұлғайған үстіне ұлғая бермек.

     №4 «Сырлас» кітапхана-филиалында «Қазақ музыкасының майталманы» атты өнер сағаты болып өтті. Өнер сағатына Балқаш қаласының Мәдени сауық орталығының өнерпаздары, Өнер мектебінің домбыра пәнінің оқытушысы Мейрам Ермембетов өзінің шәкірттерімен және «Балқаш қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ арнайы шақырылды. Шараны кітапханашы композитордың өмірбаянымен, қызыққа толы еңбек жолдарымен тартымды етіп баяндап, арнайы қойылған кітап көрмесіне шолу жасады. Іс шараны әрі қарай Өнер мектебінің оқытушысы М.Ермембетов және оның оқушылары Сүйіндік Б., Несіпбеков Е. жалғастырып, Затаевич жинақтаған халық әндерін құйқылжыта орындап берді. Мәдени сауық орталығының қызметкері, «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Хасенов Жандос Мәдидің «Қарқаралы» әнін орындап, көрерменнің көңілінен шықты. Шараның соңында өнерлерін көрсеткен қатысушыларға алғыс хаттар тапсырылды. Осындай тамаша өнер сағатына келген жұртшылық жақсы әсермен тарасты.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика