"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

12 Наурыз 2019

Қазақтың асыл азаматы, классик жазушысы, аудармашы, әйгілі «Алаш» қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына биыл 130 жыл толып отыр. Осыған орай, Ұлы даланың ұлылығын ұлықтаған, ұлтын сүйетін жазушының мерейтойына арналған іс-шаралар өз деңгейінде өтіп жатыр


       Қазақтың асыл азаматы, классик жазушысы, аудармашы, әйгілі «Алаш» қайраткері  Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына биыл 130 жыл толып отыр.  Осыған орай, Ұлы даланың ұлылығын ұлықтаған, ұлтын сүйетін жазушының мерейтойына  арналған іс-шаралар өз деңгейінде өтіп жатыр.     

        С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Жүсіпбек және біз» атты әдеби вернисаж өткізілді. Әдеби кеш жиналғандарға әйгілі жазушы жайында көрсетілген видеороликпен басталып, жазушының өмірі мен шығармашылығына кеңірек тоқталды. Жүсіпбек Аймауытов көптеген жанрларға қалам тербеген бірегей жазушы, драмалық туындылары да бір төбе. Кітапханашы осындай әдеби кештің жас ұрпақ тәрбиесі үшін мәні  мен маңыздылығын айтып, іс-шараны сабақтады.

        №3 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушыларымен бірге «Жүсіпбек Аймауытов – халық перзенті» атты әдеби сағат өткізілді.

    Әдеби сағат барысында жазушының өмірі мен шығармашылығынан   мағлұмат беріліп, еңбектерімен таныстырылды. «Тағдырлы қаламгер» атты бейнебаян көрсетіліп, оқушылармен жазушының «Ақбілек» романы талқыланды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика