"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

01 Наурыз 2019

«Кітап – табысқа апарар дара жол» Bookdating - іскерлік алаңы


     Қазір түрлі форматтағы зияткерлік кездесулер жиі өткізіліп, жастарға өмірдің әр салаларының табысты адамдарымен қарым-қатынас жасау үшін байланыс алаңдары құрылуда. Міне, С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада  «Bookdating –кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса» жобасы бастау алды. «Кітап - табысқа апарар дара жол» іскерлік алаңында   табысты адамдармен кездесулер өткізу жоспарланған. Бұл жоба арқылы жастар белгілі бір жетістіктерге жеткен адамның «табыс формуласын» түсінуге мүмкіндік алады. Алғашқы кездесуіміздің басты спикері жас кәсіпкер, «Мейірім» дене оңалту орталығының негізін қалаушы, Балқаш қаласы әкімінің грантының иегері - Мейірім Орынбаев. Іскерлік алаң қатысушылары қонақпен танысып, жеке сұхбаттасты. Балалар табысқа жетудің көптеген құпиялары туралы, нағыз ер азамат қандай болуы керек, өзінің ерік-жігерін және жақындары үшін жауапкершілікті тәрбиелеу, өз бизнесін нөлден бастау жолдары жайлы білді. Кездесу «жанды» диалог түрінде өтіп, әрбір қатысушы өзін қызықтыратын сұрақтар қойды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика