"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

22 Ақпан 2019

«Кемел елдің кемеңгер қаламгері» оқырмандар конференциясы


     «Бір ел - бір кітап» акциясын дәріптеу мақсатында Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы бойынша №5 балалар кітапхана-филиалында «Кемел елдің кемеңгер қаламгері» атты оқырмандар конференциясы өтті. Конференцияға ЖББ №25 мектептің 7-8 сынып оқушылары қатысып, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы слайдты тамашалады. Ісшара барысында оқушылар «Аңыздың ақыры» романына қатысты өз ойларын ортаға салып, жалпы шығарманың тәрбиелік мәні туралы талқылады. Сонымен қатар, ЖББ №25 мектептің 7 «б»-сынып оқушысы А.Құрметұлы жазушының «Теңіз жағасындағы ой» өлеңін жатқа оқып, оқырмандарды тәнті етті. Кешке қатысқан  оқушылар Әбіш Кекілбаев туралы қазақ, шетел зиялыларының білдірген ой-пікірлер айтып, ұлының ұлықтылығын паш етті.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика