"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

21 Ақпан 2019

«Кемел ойлы, көркем сөзді кемеңгер» оқырман конференциясы


       С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада «Бір ел – Бір кітап» акциясы аясында Қазақстан халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, шебер қаламгер  Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған «Кемел ойлы, көркем сөзді кемеңгер»  оқырман конференциясы өтті. 

     Кітапхана қызметкері оқырмандарды Ә.Кекілбаевтің шығармашылығымен таныстыра отырып, оның қазіргі замандағы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің жарқын әрі дарынды жазушысы болғаны жайлы ақпарат беріп өтті. Шараға қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Алиманова С.Н. және Академик Ж.С.Ақылбаев атындағы Балқаш маңызды білім беру колледжінің студенттері   Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романына әдеби талдау жасады. Жазушының кейіпкерлері – соғыстың қасіретін басынан кешірген қариялар, өмір жолын енді ғана бастаған жастар болғандықтан, оның шығармаларында бүгінгі күн мен өткен күндердің терең байланысы мен  күрделі адами қарым-қатынастар көрсетілгені айтылды. Конференция  соңыңда оқырмандарға жазушы жайлы видеоролик ұсынылды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика