"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

19 Ақпан 2019

«Қазақ киносының саңлағы» танымдық сағат


     №4 «Сырлас» кітапхана-филиалында Ш.Аймановтың туғанына 105 жыл толуына арналған «Қазақ киносының саңлағы» танымдық сағаты ұйымдастырылды. Шараға Халық қаһарманы Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінің МС-18 – тобының студенттері мен ұстаздары қатысты. Кітапханашы Шәкен Аймановтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, қазақ киносының дара саңлағы туралы бейнеролик көрсетілді. Әйгілі «Тақиялы періште» комедиясынан шағын қойылымды «Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығы» қызметкерлері: Утенова М.Н., Баймағанбетов Е. көрсетіп, көрермендердің көңілінен шықты. Танымдық сағат соңында мәдени-сауық орталығының әншісі Игембеков Асхат «Тақиялы періште» комедиясынан алынған «Мама» әнін қалықтата шырқап берді.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика