15 Ақпан 2019
14 ақпан барлық кітапқұмарлар үшін маңызды күн болды, себебі бұл күн -Халықаралық кітап сыйлау күні. А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында осы айрықша күнге орайластырылған «Кітапқа өмір сыйла» акциясы өткізілді. №3 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері тозығы жеткен, мұқабалары жыртылған көркем әдебиеттерді желімдеп, кітапқа екінші өмір сыйлады. Жөндеу жұмысы аяқталған соң кітапхана қызметкерлері кітап оқыған адамның әрдайым рухани байлығы, дүниетанымы кеңейіп, ішкі дүниесі тазаратынын жеткізе отырып, интернат балаларына мазмұнды да, жақсы кітаптарды сыйға тартты. Сонымен қатар, осы күні кітапханаға жазылған әрбір оқырманға кітап сыйға берілді.