"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

14 Ақпан 2019

«Ел жастары – ұлы мұрат жолында» пікірлер тоғысы


   Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев өзінің Жолдауында атап өткендей, 2019 жыл - Жастар жылы болып белгіленді. Еліміздің қозғаушы күші, оның үміті мен болашағы жастар екені анық. Бірақ жастарымыз өздерінің болашақтарына қаншалықты сенеді? Біз осы мәселе жөнінде және басқа да осы тәрізді сауалдарды жастардың өзінен сұрауды жөн көрдік.

    Осы мақсатта, С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхананың коворкинг-орталығында «Ел жастары - ұлы мұрат жолында» пікірлер тоғысы өтті. Шара барысынды кітапханашы қатысушыларға Жастар жылының маңыздылығы, жас қазақстандықтардың алдында ашылған мүмкіндіктері жайлы айтып берді. Өз кезегінде Балқаш көпсалалы, медициналық, Академик Ж.С.Ақылбаев атындағы маңызды білім беру колледждерінің студенттері жоспарларымен бөлісіп, өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдарын ұсынды. Балқаш жастары – ақылды, озық ойлы және болашақтарынан үміт күттіретін ұрпақ екеніне біз қуаныштымыз!

 

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика