"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

14 Ақпан 2019

«Махаббатпен кітап сыйлаймыз» букроссинг


     Кітап - ең дана және асыл сыйлықтардың бірі. 14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күні, С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапхана «Махаббатпен кітап сыйлаймыз» букроссингін ұйымдастырды.

      Бұл күні тұрақты оқырмандарға кітап сыйға берілді. Сонымен қатар, осы күні келген әрбір пайдаланушы кітапқа деген сүйіспеншілігін, оның сүйікті авторын және шығармасын көрсете отырып, жүрек пішініндегі қағазға жазды. Сондай-ақ, фойеде келушілерге түрлі тақырыптағы кітаптар ұсынылды: көркем әдебиет, қолөнер және аспаздық кітаптар, тарих және психология оқулықтары, сөздіктер, анықтамалықтар мен энциклопедиялар. Әр кітапқа кітапхананың визиткасы және халықаралық кітап сыйлау күні эмблемасы салынған бетбелгі салынды. Бұл күнгі шарада қатысушыларымыз жағымды көңіл-күйде болып, ең бастысы жаңа кітаптарды оқуға деген ынталары арта түседі деп үміттенеміз.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика