"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

12 Ақпан 2019

«Заманымыздың заңғар тұлғасы» мәнерлеп оқу


     «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында халық жазушысы, көрнекті ақын Әбділда Тәжібаевтың шығармашылығын дәріптеу мақсатында №1 кітапхана-филиалында «Заманымыздың заңғар тұлғасы» атты мәнерлеп оқу іс-шарасы өткізілді.

    Кітапханашы балаларға осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі Ә.Тәжібаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы әңгіме қозғады. Лирик ақынның шығармаларына шолу жасай отырып, өлеңдерінің мазмұны мен идеясын түсіндіріп өтті. Кітапхана оқырмандары: Аронова Д., Марал Ж. «Нең бар менде», Қабдырахым А. «Ана», Құдайбергенова Ф. «Жолдас, Абай», Мұрат С. «Көңіл күйі», Қажыбаев Н. «Алыстағы» ақынның өлеңдерін ерекше мәнерлеп, нақышпен оқыды. Іс-шараға қатысушыларға алғыс хаттар тапсырылды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика