"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

24 Қаңтар 2019

«Менің әдеби кейіпкерім» оқырман бенефисі


     «Әрбір адамның ең жақын досы, өмірлік досы – кітап болуы тиіс» деп М.Әуезов айтқандай кітапты сүйе білуге, қадірлеуге, ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу мақсатында № 1 кітапхана-филиалында оқырман бенефисі өткізілді. Іс-шара қонақтары Балқаш көпсалалы колледжінің студенттері және белсенді оқырмандары Гринкина К., Хафизова У. (№17 мектеп –лицейінің 7 сынып оқушылары) және Кулябина З. (ЖББ №4 мектебінің 7 сынып оқушысы). Кітапхананың тұрақты оқырмандары өткен жылдың ішінде 110-нан аса оқылған кітаптарының қызықты сәттерімен бөлісе отырып, алған әсерлерін де жасырмады.

     Қатысушыларға кітаптар әлемі туралы қызықты ақпараттар беріліп, «Кітап әлемінде» блиц-сауалнама бойынша «Шуақты күндер», «Боранды бекет», «Ботагөз», «Герои нашего времени», «Ұшқан ұя», «Ұлпан», «Ақбілек» т.б. шығармаларының авторларын білу мақсатында сұрақтарға жауап алынды. Бенефис соңында жастарға оқуға ең қызықты 10 кітаптың тізімі ұсынылды. Ұйымдастырылған шара кітап пен кітап оқудың үлкен бір мерекесіне айналды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика