"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

23 Қаңтар 2019

«Қылқалам шебері» еске алу сағаты


     Ұлы суретші Ә.Қастеевтің туғанына 115 жыл толуына орай аса құнды шығармаларын оқырмандарға жеткізу мақсатында №4«Сырлас» кітапхана- филиалында «Қылқалам шебері» атты еске алу сағаты ұйымдастырылды. Іс шараны өткізу барысында кітапхана қызметкерлері Алматы қаласындағы ҚР  Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының ғылыми қызметкері Жұбанова Гүлнұр Алпысбаевна мен арт-менеджері Шынтасова Меруерт Төленқызы кітапхана оқырмандарымен мұражайға виртуалды саяхат жасап, суретшінің әдемі туындыларымен танысты. Сонымен қатар, өзінің ұлы әкесі және отбасы жайлы әңгімелеген Ә.Қастеевтің қызы Гүлдария Әбілханқызының жіберген бейнебаяны көрсетілді. Аталмыш шараға ЖББ №5 және Ә.Бөкейханов атындағы ЖББ №15 мектеп лицейінің оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты. Кітапханашы Ә.Қастеевтің өмір жолы, шығармашылық қызметі, құнды туындыларынан слайдтар көрсетіп, «Қылқалам шебері» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика