"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

09 Қаңтар 2019

«Атамыздай атақты суретші болғым келеді» сурет салу байқауы


     №5 балалар кітапхана-филиалында қазақтың әйгілі кескіндемешісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің 115 жылдық мерейтойына арналған «Атамыздай атақты суретші болғым келеді» атты сурет салу байқауы болып өтті. Ұлы суретшіге арналған шарада кітапхана қызметкерлері алдымен Қастеевтің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеп берді. Содан кейін балалар суретшінің туындыларымен танысып, еркін тақырыпта сурет салып жарысты. Сайыс қорытындысы бойынша   І орынға  5 «А» сынып оқушысы А.Серікұлы (ЖББ №25) лайық деп танылып, ІІ орын 5 «А» сынып оқушысы А. Ханатқызына (ЖББ №25), ІІІ орынды  4 «А» сынып оқушысы А.Шайхенова (ЖББ №25)    мен 4 «А» сынып оқушысы  Д. Калиева  бөлісті (ЖББ №3). Жеңімпаздар марапатталып, мақтау қағаздары табысталды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика