"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

09 Қаңтар 2019

«Кітапханамен бірінші танысуымыз» Экскурсия


     9 қаңтар күні Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің оқушылары демалыс кезінде С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханаға келді. Оқушылар кітапхана бөлмелерін аралап,жағдайымен танысып, оның негізгі құндылығын ең қызықты ақпараттары бар кітаптар құрайтынын білді.  Кітапханашы жас оқырмандарға кітапхана не үшін қажет екенін айтып, өзін ұстау, кітапты пайдалану ережелерімен, сондай-ақ, кітапхананың жаңа ақпараттық ресурстары, мүмкіндіктерімен таныстырды. Балалар кітап көрмелерін қызығушылықпен қарады, олар абонемент бөлімінде тек классикалық және шетелдік әдебиеттер ғана емес, сонымен қатар, заманауи авторлардың кітаптары жинақталғанын, ал оқу залында сөздіктер мен анықтамалықтар, энциклопедиялар, қызықты және танымдық кітаптар өте көп екенін білді. Кітапхананың коворкинг-орталығында деректер базасымен жұмыс жасап, шахмат және шашки ойнап, мерзімді басылымдармен танысты. Оқушылар жақсы  әсер алып, достарымен келуге уәде берді.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика